Жаңа туған сәби тоғызыншы аптада сөйлеп, әлемдік рекорд орнатты
Stan.kz
Баламның алғашқы сөзі «мен сені жақсы көремін» болды - анасы.
29 жастағы Ньюкасл тұрғыны Сара Маршалл дүниеге таңғажайып сүйкімді бала әкелді. Томми-Франк қазір үшке толды және ол ерекше қабілеттерге ие. Ол туғанына тоғыз апта болғанда алғаш рет сөйлеп, бір сөз емес, тұтас сөйлемді айтып бүкіл әлемді таңғалдырды. Таңғажайып сәбидің ерекшеліктері туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz.
«Баламның алғашқы сөзі «мен сені жақсы көремін» болды. Алғашында мен ақылымнан алжастым деп ойладым, бірақ оның сөйлегенін тағы бір рет естідім. Томми бұл сөйлемді есіне сақтап қалыпты. Ал, басқалары менің сөзіме сену үшін, оның сөйлегенін видеоға түсіріп алдым», - дейді анасы.
The Sun мәлімдегендей, бала шынымен де үлкен әпкесінің айтқан сөздерін қайталай алады. Сара Томмидің нағыз данышпан бала болып өсетініне сенеді. Ол тіпті, 9 айлығында тіл қатып, ерте сөйлеген бала ретінде әлемдік рекорд орнатты.
«Мен бұл жетістіктің әлемдік рекордтар кітабында ресми түрде тіркелмейтінін білемін. Бірақ, ұлымның болашағы әлі алда»,-дейді Сара Маршалл.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript