Жамбыл облысында тау шатқалында өртпен алысып жатыр

ТЖД хабарлауынша, 29 шілдеде 20:35-те өрт ауыздықталған, әрі қарай таралуға жол берілмеген.
Жамбыл облысында құтқарушылар екі тәулік бойы өртпен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 шілдеде 14:30-да Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі «Орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ Жамбыл мемлекеттік орман қорының аумағында Қзынбұлақ шатқалында қураған шөптер мен бұталар жанып жатыр. Өрттің қанша аумақты шарпығаны әзірге белгісіз», - деп хабарлады ведомствода.
ТЖД хабарлауынша, 29 шілдеде 20:35-те өрт ауыздықталған, әрі қарай таралуға жол берілмеген.
Оны сөндіру жалғасып жатыр.
Өрт сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД 86 қызметкері мен 8 техника бірлігі, орман шаруашылығының 83 адамы мен 12 техникасы, өрт сөндіру құрылымдарының 75 адамы мен 12 техникасы тартылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript