Жолаушыларымен аударылған автобус оқиғасына байланысты іс қозғалды
www.inform.kz
Ведомстваның мәліметінше, жолаушыларды тасымалдайтын көлікте 29 адам болған.
Алматы облысының Іле ауданында жолаушыларымен аударылған автобус оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР ҚК 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» әрекеті бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мамандар оқиғаға не себеп болғанын анықтайды»,- деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Ведомстваның мәліметінше, жолаушыларды тасымалдайтын көлікте 29 адам болған. Оның 19-ы дәрігердің тексеруінен өткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ащыбұлақ-Батыр тас жолында автобус аударылып, үш адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript