Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің кейбір өңірінде үсік жүреді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 15:09 Baq.kz
Кей жерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауады, шығыс бөлігінде түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталық бөлігінің кей жерінде қатқақ сақталады. Кей жерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде 3 градус үсік жүреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: