Жаңалықтар тізбегі
0

Сәрсенбі күні еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2018 15:18 24.kz
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және шығысында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Өзге аймақтарда жауын-шашынсыз. Дегенмен кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: