Бүгін Қазақстанның кей жерінде жаңбырмен бірге найзағай болады
Бүгін атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерінде жаңбырмен бірге найзағай болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта, шығыста кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстанда күндіз кей жерінде бұршақ болуы мүмкін.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болып, шаңды дауылға ұласады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.