Жаңалықтар тізбегі
0

Ольга Рыпакова құрлықаралық доданың күміс жүлдесіне ие болды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2018 15:59 Baq.kz
Бір сайысқа әрбір құрлықтан екі-ақ спортшы қатыса алады.

Чехияның Острава қаласында мәресіне жеткен Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) құрлықаралық кубогында жерлесіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіру сайысында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетейік, бұл додаға Еуропа, Америка, Африка, Азия және Мұхит аралдарының елдері қатысуда. Құрлықаралық кубоктың бағдарламасына 37 сайыс түрі енгізілген. Тағы бір атап өтерлігі, бір сайысқа әрбір құрлықтан екі-ақ спортшы қатыса алады.

Жарыстың алғашқы күнінде жарыс жолына шыққан шығысқазақстандық Ольга Рыпакова 14.26 метрге секіріп, екінші орынға ие болды. Үш қарғып секіруден құрлықаралық кубоктың алтыны Рио Олимпиадасының чемпионы, колумбиялық Катрин Ибаргуэнге бұйырды. Оның көрсеткіші 14,76 метрге тең. Қола жүлдені 14,22 метрге секірген Еуропа құрлығының намысын қорғаған грекиялық Параскеви Папахристу еншіледі.

Жалпы, IAAF-тың құрлықаралық кубогы ең алғаш рет 2010 жылы Сплитте өткізілгенін айтқан жөн. Сол жылы Хорватия жерінде Қазақстан атынан қатысқан Ольга Рыпакова 15.25 метрге секіріп, Азияның рекордын жаңартқан болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: