Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда көмірдің бағасы өзіндік құнынан 6 есеге қымбатқа саудаланып жатыр

kaz.altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2018 15:43 kaz.altaynews.kz
Көмірдің бағасы шарықтап тұр.

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетовтің айтуынша, облыста көмірдің бағасы өзіндік құнынан 6 есеге қымбатқа саудаланып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл – сұмдық қой. Біз осы мәселелерді көтеріп, жоғары жаққа айтып та, жазып та жатырмыз. Бір нәтиже шығар деген үміт жоқ емес. Сондай-ақ, біз «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, оны қайтара алмай жүргендердің мәселесімен мықтап шұғылданып жатырмыз. Аталған бағдарлама кемшіліктермен әзірленген. Өкінішке қарай, облыста өз несиесін жаба алмаған үш кісі өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасқанын айтқым келеді. Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің жыл санап негізсіз өсуі, азық-түліктің қымбаттауы сынды мәселелер – ұдайы біздің назарымызда, – дейді Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов.

2004 жылы құрылған Қазақстан халықтық коммунистік партиясының облыстық комитеті қазіргі қоғамдық өмірге белсенді қатысуда. Ел Парламентінде партияның жеті депутаттан тұратын өз фракциясы бар. Шығыс Қазақстанда Зырян аудандық мәслихатында екі, Риддер қалалық мәслихатында бір депутат – партия мүшелері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: