Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы автобустарына валидатор қайта орнатылады

Baq.kz Baq.kz
Қолма-қол ақша қабылдайтын аппараттар 2019 жылы енгізілмек.

Алматы қаласының автобустарына валидаторлар қайта орнатылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Колеса» сайтының мәліметінше, қолма-қол ақша қабылдайтын аппараттар 2019 жылы енгізілмек.

«Жақын арада Алматы автобустарының жүргізушілері жолаушылардан қолма-қол ақшаны қабылдамайтын болады. Енді бұл жұмысты валидаторлар атқармақ», - делінген ақпаратта.

Заманауи терминалдардың қайтып келетіні туралы Onay Pay компаниясының директоры Владимир Смирнов хабарлады.

Қазіргі таңда қолма-қол ақша қабылдайтын аппараттар жобаланып жатыр.

Әзірлеушілердің айтуынша, қоғамдық көліктер арасындағы жол-көлік апаттарының 90 пайызы жүргізушінің жолаушыларға билет немесе қайтарым ақшаны беру кезінде алаңдауынан болады екен. Яғни, валидаторлардың пайда болуы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысын азайтып, қауіп-қатер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз