Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістандық диқандар бақшалық өнімдерін жинаудан рекорд орнатты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 01:00 Сурет: zakon.kz
Өңір басшысы Ж.Түймебаев бюджетті дұрыс жоспарлап, қаржыны уақтылы әрі сапалы орындау керектігін айтты. Аталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі аппаратының мәжілісі өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Алдымен 2018 жылғы 8 айдың қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және 9 айда күтілетін болжам туралы деректер тындалды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы А.Тасыбаев, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Бадырақов баяндама жасады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 01:00

Өңір басшысы Ж.Түймебаев бюджетті дұрыс жоспарлап, қаржыны уақтылы әрі сапалы орындау керектігін айтты. Аталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы 8 айдың қорытындысына және саладағы өзекті түйткілдерге арналды. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Бадырақов баяндады. Оның айтуынша, биыл өңірде егіс көлемі 807 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (2017 ж. – 798,4 мың га) 9,0 мың гектарға артты. Егіс құрылымы бойынша масақты дақылдар өткен жылғы көрсеткіштен 22,7 мың гектарға артып, 227,4 мың гектарға жеткен. Ал, жүгері 6,6 мың гектарға артып, 43,9 мың гектарға, көкөніс, картоп, бақша 7,5 мың гектарға артып, 113,9 мың гектарды құраған. Биыл масақты дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 17,8 центнерден өнім алынып, 405,0 мың тонна дән қамбаға құйылды. Майлы дақылдардың 80 пайызы, яғни, 54,2 мың тонна өнім жиналған. Көкөніс, картоп, бақша дақылынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Ағымдағы жылы 6,9 мың гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізу тапсырмасы беріліп, 92%-ға (6,4 мың гектар) ендірілді. Жалпы көлемі – 64,3 мың гектарға жетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 01:00

Облыста мал басы да артқан. Мәселен, 8 айда ірі қара мал басы 30,6%-ға артып, 998,1 мың басты құраса, қой мен ешкі 4,2%-ға артып, 4459,0 мың басқа жеткен. Жылқы 7,9 %-ға артып, 309 мың басты құраса, түйенің саны 5,7%-ға артты. Бүгінде облыста 27,5 мың түйе бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 01:00

2018 жылғы қаңтар-тамызда Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 249 998,2 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңінің деңгейінен 3,4%-ға жоғары.

Жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев ауыл шаруашылығын жетекші салалардың бірі ретінде дамытып, көрсеткіштерді жақсарту, шаруашылықпен айналысатын азаматтарға қолдауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 01:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: