Егіз қызы бар ақтөбелік жас келіншек 20 күннен бері табылмай жатыр
ҚазАқпарат
Іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ақтөбеде егіз қызы бар Айдана Мұхаммеджанова із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбелік келіншек "Алтын бала" балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді. 24 жастағы Айдана Мұхаммеджанова жұмысқа барып, содан бері хабарсыз кеткен. Оның егіз қызы бар.
"Айдананы інім жұмысына апарып тастады. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніне 3-4 жыл болды. Келінім сол күні 1-2 сағат жұмыс істеп, кетіп қалған. Әрі қарай көрдім, білдім деген адам жоқ. Негізі отбасы құрғандарына 7 жылдан асты. Мінезі тұйық, ешкіммен ашық сөйлеспейтін келінім кешкентай ұрыс-керіс болса үнсіз кетіп қалып жүрді. Ол кезде қыздарын алып кететін. Бұл жолы ата-анасы ештеңе білмейді, қыздары жанымызда", - деді Самал Құлтажина.
Айта кетейік, жоғалып кеткен Айдана Мұхаммеджанованың Айша мен Бибі атты егіз қызы бар. Балалары 3 жаста. Келіншектің ата-анасы полицияға арыз түсірді. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript