Қазақстанда кибершабуылдар жиілеп кетті
Хабар 24
Бұрын хакерлердің мақсаты ақша жымқыру болса, қазір олардың дені азаматтардың жеке деректері мен мемлекеттік органдардың мәліметтерін ұрлауды көздейді екен.
Қазақстанда ең көп кибершабуыл, интернет-дүкендерге жасалады, деп хабарлайды Хабар 24.
Жыл сайын ұлғайып келе жатқан бұл қылмыс түрі 2012 жылы 800 рет жасалса, былтыр оның саны 25 мыңға дейін өсті. Бұрын хакерлердің мақсаты ақша жымқыру болса, қазір олардың дені азаматтардың жеке деректері мен мемлекеттік органдардың мәліметтерін ұрлауды көздейді екен. Мәселен өткен жылы 150 мемлекеттің 100 мыңнан астам кәсіпорны Wanna Cry атты вирустың құрығына түскен. Бұл виртуалды індет еліміздің 4 мемлекеттік мекемесіне де «жұғып», атқамінерлерді әбігерге салды. Осындай киберқылмыстарға төтеп беру үшін қазір Қазақстанда «Киберқалқан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
- Пошта арқылы спам-хабарламалар келіп жатады. Оларды ашу арқылы немесе таныс емес интернет-ресурстарға кіру арқылы көп вирустар сіздің компьютеріңізге кіруі мүмкін. Ол вирустар компьютеріңізде бір күн емес, бір ай емес, жылдап қалуы мүмкін. Ол көбіне бизнес құрамаларға кіріп, олардың бизнес мәліметтерін алып, бұзып жатқан жағдайлар да бар, - дейді ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директоры Ержан Біржанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript