Лондонда ұйқысы қанбай жүргендерге арналған қонақүй ашылды
Хабар 24
Мұндай капсулада тынығамын деушілер 15 фунт төлейді.
Жұмыс кезінде ұйқыңыз қанбай, шаршап жүрген лондондықтар мәселенің шешімін тапқан сыңайлы, деп хабарлайды Хабар 24.
Шаһарда Pop & Rest деп аталатын қонақүй ашылды. Оның ерекшелігі – жұмысбастылар бұл жерде көздің шырымын алып, 1 сағат демалып алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Құлаққа жағымды әуен мен жұпар иіс кімнің де болсын көңілінен шығады. Мұндай капсулада тынығамын деушілер 15 фунт төлейді. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, қонақүйге келушілердің басым бөлігі фрилансерлер.
Келешекте бұл бизнес Еуропа нарығына шығуы бек мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript