Португалияда 400 жыл бұрын батып кеткен кеме табылды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2018 20:44 Хабар 24
Археологтар кемені 12 метрлік тереңдіктен тапқан.

Португалияда осыдан 400 жыл бұрын су түбіне батып кеткен кеме табылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тарихшылар оны соңғы онжылдықтың ірі олжасы деп отыр. Ал археологтар кемені Атлант мұхиты жағалауында орналасқан Кашкайш қаласына жақын маңнан 12 метрлік тереңдіктен тапқан. Суға батып кеткен кеменің жанынан түрлі ыдыстар және Португалия елтаңбасы белгіленген зеңбіректер шықты.

Археологтардың пайымдауынша, кеме Үндістаннан қайтып келе жатып, болжаммен 1575 жылдары белгісіз жағдайда апатқа ұшыраған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: