Жаңалықтар тізбегі
0

Менингитке ұшыраған науқастар бақылауымызда тұр – министр

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 21:44 Baq.kz
Жыл сайын жүздеген, күн сайын ондаған жағдай тіркеледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде менингококкты менингитке ұшыраған науқастар бақылауда тұрғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Елімізде менингококты менингит 2015 жылы көп тарады. Сондай-ақ, сероздық менингит деген бар. Ол түрлі вирустардан пайда болады. Жыл сайын жүздеген, күн сайын ондаған жағдай тіркеледі. Бұл көктемгі - күзгі кезеңмен, иммунитеттің əлсіреуімен байланысты. Арасында менингококты менингит жағдайлары да кездеседі. Қазір бізде бұл ауру деңгейі Қазақстан бойынша орташа ауру деңгейінен 3-4 есе аз. Сондықтан, ауру кең тарады деп айту дұрыс емес. Өкінішке қарай, осындай вирустың барлығы қаупі бар туберкулез бен тұмау сияқты Қазақстанға тəн", - деді Біртанов.

Министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында менингит жағдайы мен бұл ауруға ұшыраған əр пациент ведомство бақылауында деп сендірді.

Еске салсақ, қыркүйекте Ақтөбе облысының екі тұрғынынан менингококты менингит анықталған болатын. Олар қазір емделіп жатыр. Солтүстік Қазақстанда 1999 жылғы студент қыз менингиттен көз жұмды. Қазір қыздың менингиттің қай түрінен қайтыс болғаны анықталып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: