Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының не істеу керектігін айтты
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астана съездері ұзақ мерзімді проблемаларды шешуде тиімді құрал болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев дінаралық саммитінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол діни лидерлердің болашақ қызметінің негізгі бағыттарын үш бағыт бойынша көреді.
Терроризмнің алдын алу үшін жасалып жатқан шараларға қарамастан, діни ұрандарды жамылып жүрген үгіттеушілер, әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыру үшін қолдарынан келгендерін аямайды. Тіпті жек көру идеологиясын дамыту арқылы мемлекеттер арасына шоқ қояды, - деді бірінші бағыт жайында айтқан Тоқаев.
Екінші бағыт - әлемнің саяси көшбасшыларына көмек көрсету. Тоқаевтің пікірінше, бұл қадам арқылы әлемдік саясаттың қарама-қайшылықтарынан арылуға болады.
Үшіншісі - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу үшін ұсынған әдеп кодексін қолдану.
Діни лидерлер кеңесі осы Кодексті әлемдік діни және саяси көшбасшылардан терроризм қаупін алдын-алу туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін негіз ретінде қабылдай алады. Осы шараларға съезаралық кезеңде съез хатшылығының жұмысын бағыттағымыз келеді, -деді Тоқаев.
Оның айтуынша, отырыстың қорытындысы бойынша 6-съезд қабылдайтын бірлескен декларация белгіленген бағыттардағы маңызды қадам болып табылады. Ол сондай-ақ VI Съезд жоғары конструктивтілік жағдайында өткізілетініне сенім білдірді.