Жаңалықтар тізбегі
0

Республикада өндірілген жүзімнің 72,5 пайызы Түркістан облысының еншісінде

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2018 22:59 Самат Мырзалиев
50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді.

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Абай ауыл округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңірдегі ең ірі "Махарам" шаруа қожалығы егіс алқабының әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. Жүзімнің "Тайфы" сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтіліп жатыр.

Жалпы аталған қожалықта 42 гектар жерге жүзім егілген. Соның 26 гектары өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастайды.

Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 миллион теңгеге жуық шығын кетеді екен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Қазіргі таңда ондағы жүзімнің бір келесі 120 теңгеден саудаланып отыр. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істейді.

Жалпы соңғы 3 жылда Түркістан облысы бойынша жеміс-жидек пен жүзімнің егіс көлемі 1,8 мың гектарға артып, егіс көлемі 30 мың гектарға жеткен. Оның ішінде жеміс – 19,5 мың гектар, жүзім – 10,5 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 85 мың тонна жеміс-жидек және 70 мың тонна жүзім жинау жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, республикада өндірілген жүзімнің 72,5 пайызы Түркістан облысының еншісінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: