Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда саумалдан шоколадтың 8 түрін жасайтын өндіріс орны ашылды

sputnik-abkhazia, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2018 17:40 sputnik-abkhazia
Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тапқан шоколадтың құрамында трансмай қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ.

Мамандардың айтуынша, бұл - қауіпсіз тағам өндіру бағытындағы теңдесі жоқ инновациялық жаңалық. Өйткені, осындай отандық брендті жасап шығару үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов көптеген ғалым-технологпен бірлесіп, арнайы зерттеулер жүргізген деп жазады kaztrk.kz.

Осылайша, тынымсыз ізденістің нәтижесінде Жер шарындағы теңдесі жоқ шоколад дайындап шығарды. Әлемдік нарыққа «Шарман» бренді, «Ұлытау» атымен шыққан тәттінің сиыр сүті қосылған шоколадтан айырмашылығы неде?

Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тапқан шоколадтың құрамында трансмай қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ. «Шарман» шоколадын жеген адам шөлдемейді. Себебі, оның құрамында Кубадан әкелінген какаоның жоғары сұрыптары бар.

Ал, қант қосылмаған тәттінің бұл түрі әлемде ешбір мемлекетте шықпайды.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті: - Қант адамның ең қауіпті жауы. Біздің мақсатымыз адамды қанттан арашалап алу. Дүниежүзінде шығатын шоколадтардың бәрінің құрамында қант бар. Ол денсаулыққа зиян. Біздің мақсатымыз қантсыз шоколад шығару.

«Ұлытау» шоколады құрамында қант болмағандықтан, түрлі дертпен ауыратын науқастардың қуатын арттыратын емдік тағам», - дейді ғалымдар.

Себебі, табиғи таза өнім семіздіктен арыламын дейтін адамдарға да өте пайдалы. Сондықтан, мамандар сусамыр дертімен ауыратын науқастарға да осы шоколадты жеуге кеңес береді.

Балауса Бауыржанқызы, Қазақ тағамтану академиясының технологы: - Қант диабетімен ауыратын адамдарға қолдануға ұсынамыз. Себебі, олар да тәтті жегісі келеді ғой. Сондықтан да, бие сүті негізіндегі шоколадты тұтынуға кеңес береміз.

Тағамтану ғалымдарының сөзінше, бие сүтінен дайындалған шоколадтың құрамына төмен молекулярлық пептидтер, лактоза, макро және микроэлементтер қосылған. Сол себепті, қантсыз шоколадты тек жеңсік ас деп қарамай, халықты сауықтыруға арналған дәрумендік өнім ретінде қабылдау қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: