"Үйде қонақ бар". Жыныстық қатынастан бас тартқан әйел ажал құшты
Төрт баланың әкесі әйелін соққыға жығып, ішінен пышақтап тастаған. Жантүршігерлік қылмысқа марқұмның сіңлісі куә болған деп жазады sputniknews.kz.
Тәжікстан оңтүстігінде Хамадони аудандық соты жергілікті тұрғынды әйелін айуандықпен өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда марқұмның туыстары сот үкімімен келіспейді, одан да қатаң жаза беру керек деп есептейді.
Фаррух Халифаев 18 шілдеде Ресейден оралған күннің ертесінде әйелін өлтірген. Сол күні ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан. Фаррух Халифаев әйелін "көзіме шөп салдың" деп айыптаған. Бірақ сот барысында айыпты әйелі жыныстық қатынастан бас тартқаны үшін өлтіргенін мойындаған, деп жазды centralasian.org.
Марқұмның сіңлісі сол күні әпкесінің үйіне қонған екен.
"Сол күні кешкісін әпкемнің үйінде қонаққа бардым. Қайғылы оқиға жатын бөлмеде болды. Фаррух оны жыныстық қатынасқа шақырды. Бірақ әпкем "үйде қонақтар бар" деп бас тартты. Фаррух жұдырығымен ұрған. Әпкем есінен танып қалыпты. Сосын ішіне пышақ салған. Біз жатын бөлмеге кіргенде, әпкем қансырап жатты", — дейді Нигина Раззокова.
Ол сот үкімі тым жеңіл деп есептейді.
"Біз сот шешіміне қарсы шағымданамыз, адам өлтірушіге қатаң жаза сұраймыз", — деді ол.
Фаррух Халифаев 42 жаста. Соңғы жылдары Ресейде жұмыс істеген. Төрт баласы бар.