Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев Қазақстанға жеткізілді

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2018 23:28 www.inform.kz
Қадырбаев терактіні жасаған Джохар Царнаевты танитындығын полицияға хабарламаған.

АҚШ-тың Бостон қаласында болған террактіні тергеу барысында сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алты жылға сотталған Д. Қадырбаев Америка түрмесінен мерзімінен бұрын босап шықты.

«2018 жылдың 24 қазанында біздің азамат Диас Қадырбаев Алматы қаласына ұшып келді. Қазіргі таңда ол бостандықта. Ол Америкада жазасын толығымен өтеп, Қазақстанға қайтып келді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте.

Айбек Смадияров Қазақстан Республикасының аумағындағы оның жауапкершілігі мәселесін еліміздің құқыққорғау органынан сұрап білу керектігін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2015 жылы қазақстандық студент Диас Қадырбаев америкалық құқыққорғау органдарына 2013 жылы Бостонда жасалған лаңкестікті тергеу барысына кедергі жасағаны үшін 6 жылға түрмеге кесілген болатын.

Қадырбаев терактіні жасаған Джохар Царнаевты танитындығын полицияға хабарламаған.

Сонымен бірге, жатақханадағы Царнаевтың бөлмесін жинастырып, тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық студент түрмеден босап шыққанын және ол АҚШ-тан Қазақстанға жеткізілетінін растаған еді.

Бостондағы лаңкестік акті 2013 жылғы 15 сәуірде жыл сайынғы марафон кезінде болды.

Екі жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астамы жарақат алды. Жарылысты жасады деген айып ағайынды Царнаевтарға тағылды.

Үлкені - Тамерлан полицейлермен атыс кезінде өлтірілді. Джохар арнайы операция кезінде тұтқындалып, алқабилер соты оны өлім жазасына кесті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: