Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында 2018-2020 жылдарға арналған аймақ бюджеті нақтыланды

express-k.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2018 19:57 express-k.kz
Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн теңге қаражатты бағыттау көзделіп отыр.

Үнемделген қаржыларды Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға және өңірдің кезек күттірмейтін басым бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.

Мысалға, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 131,2 млн теңге несие қаржысы қарастырылған.

Келісілген жоспарға сәйкес, облыстық бюджет есебінен 800 адамды "Бизнес-Бастау" жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытуға 36 млн теңге қарастырылып отыр. Жоба аясында барлығы 1600 адамды оқыту жоспарланды, оның 800 республикалық бюджет есебінен кәсіпкерлік негізіндегі оқыту курстарын бітірді.

Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн теңге қаражатты бағыттау көзделіп отыр. Қазіргі таңда өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында түрлі саладағы 75 жоба іске асуда.

Сонымен қатар, жаңадан іске қосылған 13 білім беру нысанының шығындарын өтеуге 178 млн теңге және Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты 111 жиынтық-сыныптарын қаржыландыруға қосымша 90 млн теңге қарастырылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: