Активтерді қайтару: 5,6 млрд теңге Абай облысында құрылысқа жұмсалады

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 09:03 Фото: Zakon.kz
Zakon.kz хабарлағандай, Абай облысында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін Арнайы мемлекеттік қордан 5,6 млрд теңге бөлінді.

Қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицинаның сапасын арттыруға бағытталды, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі. Үржар ауылында қаражат көпсалалы орталық аудандық аурухананың қосымша корпусының құрылысына және заманауи медициналық техникамен жабдықтауға жұмсалуда.


"Аягөз қаласында бөлінген қаражат есебінен көпсалалы орталық аудандық аурухананың қосымша корпусы салынып жатыр. Онда магниттік-резонанстық томограф орнатылады", – делінген хабарламада.

Нысандарды биыл қолданысқа беру жоспарланған. Жобалар азаматтарды дер кезінде және сапалы медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Семей қаласында 100 орындық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме салу үшін Арнайы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңге бөлінген болатын.

8 қыркүйекте Қазақстан халқына арналған "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу" атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет денсаулық сақтауды дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: