Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте тойда оқ атылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2018 18:46 Сурет: zakon.kz
Қанды оқиға 14-нен 15-не қараған түні үйлену тойында орын алған.

Шымкентте тойда жанжал туындап, ақырында жанжал шығарғандардың бірі екіншісін атып тастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанды оқиға 14-нен 15-не қараған түні үйлену тойында орын алған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше ер азамат арасында өзара жанжал туындаған. Ұрыстың соңы атысқа ұласқан.

«Жанжал барысында қатысушылардың бірі травматикалық қарудан С. есімді азаматқа бірнеше рет оқ атып, маңдайы мен ішін жарақаттаған. Ал екіншісі оның арқасына пышақ жарақатын салған. Осыдан кейін олар «Мазда» маркалы автокөлігімен оқиға орнынан бойтасалау кезінде Полиция департаментінің арнайы автокөлігімен соқтығысқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жарақат алған ер азамат қалалық ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Енді сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: