Қызылордада жыраулық мектеп шәкіттерінің концерті өтті
Атап айтқанда, Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі мен Тұрымбет Салқымбайұлы атындағы әуез мектебінің, Қазалы ауданындағы Байназар Өтепов атындағы жыр үйірмелерінің, Арал аудандық мәдениет орталығының және Шиелі ауданындағы Нартай жыр мектебінің және Қызылорда қаласындағы жыр үйірмелерінің шәкірттері өз тартуын жасады.
Жас жыраулар өнерін бағалауға осы салада ұзақ жылдан бері жемісті қызмет етіп келе жатқан Жұмабек Аққұлов, Арнұр Көшеней, Берік Саймағанбетов, Шолпан Биімбетова, Ақмарал Ноғайбаева сынды мамандар қатысты.
Айта кетерлігі, бұл шара алғаш рет өткізіліп отыр. Концерт сахнасын "Қазақстан" ұлттық телеарнасының "Мен қазақпын" мега-жобасының финалисті Күнсұлу Түрікпен жапты. Ол жас жыраулармен қосылып Тұрмағамбеттің "Тәлім" термесін орындады.