Жаңалықтар тізбегі
0

"Мына жерге бомба түспей ме?" - Президент Жусан операциясында құтқарылған балалар туралы айтып берді

sakhapress.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 22:37 sakhapress.ru
Президент шиеленіс аймағынан оралғандарды бейімдеу қажеттігін еске салды.

Жат ағымның жетегінде Сирияға кеткен қазақстандықтарды құтқару операциясы жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Жастар жылының ресми ашылуында айтып берді.

"Әр адам өз тағдырын өзі жасайды. Жақында Сириядағы шиеленіс аймағынан 47 қазақстандықты алып шыққанымызды білесіздер. Олардың арасында 30 бала бар, әкелері соғыста мерт болған, аналары қорғаусыз қалған. Мұндай қауіпті әрі маңызды операцияны біздің арнайы қызмет өзге мемлекеттермен бірлесіп жүргізді. Біздің азаматтарды алдады, жұмаққа сендірді, алып кетті. Барлық елдер бұл лаңкестердің көзін жоюға тырысып жатыр. Лаңкестердің арасында біздің қазақстандықтар да бар. Жүздеген отандасымыз оққа ұшты. Аман қалғандарын елге қайтаруды жалғастырамыз", - деді Президент.

Сонымен бірге, Президент шиеленіс аймағынан оралғандарды бейімдеу қажеттігін еске салды.

"Кішкентай балалар ұшақтан түскенде "Мына жерге бомба түспей ме?" деп шешесінен сұрайды екен. Туғаннан бомбаға үйренген... Ешқандай бомба түспейді", - деді Н. Назарбаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды.

Олармен психологтар, дінтанушылар мен педагогтар қосымша жұмыс істейді және жоғалған құжаттарды қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі. Карантин мерзімі аяқталған соң, балалар мен әйелдер өздерінің бұрынғы мекенжайына жіберіледі.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: