Жаңалықтар тізбегі
0

Бақыт Сұлтанов бес бала қаза тапқан қайғылы жағдайды шұғыл зерттеуді тапсырды

ҚР ІІМ ТЖК, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2019 19:17 ҚР ІІМ ТЖК
Зардап шеккен отбасыға қаржылай көмек көрсетілмек.

Бақыт Сұлтанов "Көктал-1" тұрғын үй алабында орын алған қайғылы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Осы жағдайға душар болған отбасына қайғыра көңіл айтамын. Қала басшылығы оқиға орнында болды, қаза тапқан балалардың ата-анасымен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеуде. Зардап шеккен отбасына қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. "Сарыарқа" ауданы әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруды және отбасына уақытша баспана беруді, жанған үйді тез арада қалпына келтіру үшін қаражат бөлуді тапсырамын", - деді қала әкімі.

Өз кезегінде, ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев, осыған дейін "Көктал-1" тұрғын үй алабында өрт және басқа да төтенше жағдайлар болдырмау үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілгенің айтты.

"Сол кезде ТЖД – нің қызметкерлері бұл үйге барған, олқылықтарды жою үшін ескертпе берілген", - деді Аманбаев.

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен төтенше жағдайлар департаменті және полицияға бірлесіп дереу жеке сектордағы әр үйге барып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысында тексеріс, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.

"Бұл сіздердің тікелей жұмыстарыңыз, мен әрқашан айтып отырмауым керек! Баяғыда жүргізу керек еді, міндетті түрде қайғылы оқиғаны күтесіздер ме?! Бұл ТЖД-нің қателігі. Сіздер жеке секторда тұратын әр адамды жекелей тануларыңыз керек", - деді ол.

Қала әкімі құзыретті органдарға болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауды тапсырды. 4 ақпан күні түнде "Сарыарқа" ауданындағы "Көктал-1" тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. Ең кішісі небәрі үш айда болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: