Денис Тенің ісіне қатысты сот: үкімге қатысты апеляциялық арыз түсті

t-l.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2019 18:01 t-l.ru
Қаралым күні әлі белгелінген жоқ.

Денис Теннің ісіне қатысты екі жақтан бірдей апеляциялық арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, апеляциялық арыз екі күннің ішінде түскен: 31-қаңтар және 1-ақпан.

Қайтыс болған фигурист Денис Теннің анасы үкімге қатысты арызды 31-қаңтарда берсе, сотталғандар жағы да сол күні тастаған. Жәбірленуші Өстемірованың адвокаты өзінің апеляциялық арызын 1-ақпан күні беріпті.

Апеляциялық арыздың мазмұны мен қаралым күні әлі белгісіз.

Сотталушылар Қиясовқа, Құдайбергенов пен Толыбаеваға қатысты үкім 17-қаңтарда шыққан болатын. Алдыңғы екеуіне 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсе, аяғы ауыр сотталушыны 4 жылға темір торға тоғыту үкімі шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: