Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2019 22:50 Pixabay
Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда, Түркістан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын, областың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 20-ақпанда кей уақытта қатты жауын-шашын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Түркістан қаласында 20-ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

20-22 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 20-ақпан таңертең және күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: