Жаңалықтар тізбегі
0

Венесуэла президентінің ақшасын қазақ басқара ма?

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Венесуэланың "халықтан ұрланған" ақшасы Нұрлан Байділданың қорында сақтаулы тұр.

Венесуэла президенті Николас Мадуро миллиондаған долларлық мемлекеттік қаражатты Nurlan Baidilda Ltd қоры басқаратын шоттарда ұстайды, деп хабарлайды Zakon.kz Total.kz-ке сілтеме жасап.

Bloomberg мәліметінше, Nurlan Baidilda Ltd қоры қалталы адамдардың инвестицияларын басқарумен айналысады. Оның қожайыны Қазақстанның тумасы, қазір Ресей азаматы.

"Ұлттық кеңес былтыр басталған тергеу барысында активтерді тауып алды. Енді оны қайтаруға тырысуда. Венесуэланың уақытша үкіметі Мадуроның қаржылық келісімшарттарын қайта қарастыруда. Халықтан ұрланған ақшаның қайда бағытталмақ болғанын анықтау керек", — деді Ұлттық кеңес басшысы үшін АҚШ істеріндегі уақытша сенімді өкілі Карлос Веккио.

АҚШ президенті Дональд Трамп Мадуроға былтырдан бері қысымын күшейтіп, әлем бойынша есеп-шоттарын бұғаттап тастаған. Үкіметтік шенеуніктерге санкция салып, Гуайдоны президент деп таныды. Мадуро Трамппен күресуге ант беріп, бұл әрекеттер мені биліктен тайдыруға бағытталған деді.

Нұрлан Байділда Қазақстандағы әлеуметтік желілерде Абайды ұлы адам деп санамаймын деген мәлімдемесімен танымал болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: