Президент кеден қызметінің басшылары жайлы: Оларды желкесінен ұстаңдар

ustinka.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2019 20:14 ustinka.kz
Маған оларды көрсетіңдер, желкелерінен ұстап, қылмыстық қудалау жасаңдар - мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде сөз сөйлеу кезінде кедендік қызметті әкімшілендіру мәселесіне риза еместігін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, салықтық әкімшілендіруді жақсартумен айналысу қажет. Мысалы, кедендік қызмет.

- Бізде бар мәліметтерге сәйкес, басқа сандар, ал қытайлықтардікі мүлде басқа. Миллиардтаған айырмашылық. Сондықтан ол жақта ешкім еш нәрсені жөнді білмейді... сұрай бастасаң, кеден бастықтары жібермей отыр. Қандай бастықтар? Маған оларды көрсетіңдер, желкелерінен ұстап, қылмыстық қудалау жасаңдар. Осылай біз бірнеше миллиард теңге табамыз, - деп санайды Президент.

Ол бұдан бөлек мемлекеттік сатып-алу жайлы сөз қозғады.

- Мемлекеттік сатып-алуды бәсекелестік ортаға тапсыру керек. Бұл ретте тиімсіз қымбат нысандарға қаражат бөлуді тоқтату қажет. Бұл үкімет пен Қаржы министрлігіне, естен шығармаңдар. Аталған шаралар келер үш жылда бюджетке триллион теңге құюға мүмкіндік береді, - деп сөзін түйіндеді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: