Жаңалықтар тізбегі
0

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2019 15:20 Zakon.kz
Тек батыс және шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 28 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, оңтүстіктің кей жерлерінде жаңбыр қатты жауады, тек батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: