Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын толастар емес

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2019 16:00 pxhere.com
Қалған аймақтарда ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазгидромет" РМК 11 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік және шығыс аймақтың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Қалған өңірлерде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, жел күшейеді, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей аймақтарында тұман күтіледі.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: