Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынды болады

narodna-pravda.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2019 15:51 narodna-pravda.ua
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 2 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте-найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз-дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде—тұман, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Батыс-Қазақстан, түнде Алматы, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: