"Астана" экс-футболшысы Ла Лигада оңбай қателесті
sports.kz
Ол алаң ортасында өкшемен пас беремін деп оңбай қателік жасады.
"«Астананың" бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумасидің қазіргі клубы, испаниялық "Алавес" Испания чемпионатының 30-шы турында сырт алаңда "Севильядан" ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
"Севилья" 2:0 есебімен жеңіске жетті, доп соққандар Роке Меса (41-ші минут) және Пабло Сарабия (80-ші). Екінші голды 67-ші минутта алаңға шыққан Твумаси өз қақпасына алып келді: прессингке тап болған ол алаң ортасында өкшемен пас беремін деп, қарсыластың оп-оңай қауіпті шабуыл бастауына жол ашып берді.
Айта кетсек, "Астанадан" кеткен соң Твумаси "Алавес" сапында алаңға жиі шықпайды, осы ойында ол алаңға небәрі бесінші рет шыққан. Жалпы, биылғы маусымда Патрик чемпионатта небәрі 76 минут ойнады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript