Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана" футболшысы Еуропа лигасының үздік сұрмергені атанды

"Астана" ФК, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 15:41 "Астана" ФК
Ол әзірге дейін жеті доп соғып тастады.

"Астана" ойыншысы Марин Томасов плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында Беларусьтің БАТЭ-сіне соққан добынан кейін Еуропа лигасының үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хорватиялық жартылай қорғаушы 25-ші минутта әдемі доп соғып, "Астананы" алға шығарды. Нәтижесінде қазақ клубы қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Томасов осылайша биылғы Еуропа лигасында ойнаған бес матчында жеті доп соғып отыр. Турнир бомбардирлері арасында көш бастады. Ол сияқты жеті доп соққан тағы бір ойыншы – "Рейнджерстегі" Альфредо Морелос. Үздік үштікте қанжағысын алты доппен майлаған "Абердин" фуиболшысы Сэм Косгроув келеді.

Сондай-ақ Томасов "қақпаға бағытталған соққылар" саны бойынша екінші орынды Андреа Белотти ("Торино") және Шейи Оджомен ("Рейнджерс") бөлісіп отыр. Бұл үшеуі 12 соққыдан жасапты. Бұл тізімдегі көшбасшы – қақпаға 13 соққы жасаған "Алкмаар" ойыншысы Келвин Стенгс.

"Астана" мен БАТЭ-нің қарымта кездесуі 29 тамызда Борисов қаласында өтеді. Жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының топтық кезеңіне түседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: