Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын күтіледі

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2019 20:42 Zakon.kz
Қалған аймақ антициклонда болады.

"Қазгидромет" РМК 9-11 сәуір күндеріне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттармен жылжыйтын циклон, алдағы үш тәулікте болатын жаңбырдың, кей жерлерде қатты жаңбырдың себебі болады. Сондай-ақ мұнда найзағай күтіледі және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

- Қалған аймақ антициклонда болады, сол себепті кішігірм жауын-шашын болжанады және көбінде жауын-шашынсыз. Республикамызда ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2…6°С жоғары сақталады, - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: