ШҚО-да қожайынын күтіп жүрген "Хатико" бар

видео кадры, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2019 21:30 видео кадры
Ауыл тұрғындарының айтуынша, иттің бұл жерден кетпей жүргеніне 10 күн болған.

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында ит жолдың бойында қожайынын күтіп жүр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, иттің бұл жерден кетпей жүргеніне 10 күн болған.

Қожайынын күткен иттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Адамдар оны "қалбатаулық Хатико" деп атап, тамақ беріп жүр. Алайда ит берген тамақты жемейді, жолдың бойында пайда болған әр адамға бір тесіле қарап, әлдекімді күтіп отырады екен.

Адал иттің қожайыны жақын арада табылар деген үміттеміз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: