Головкин 8 маусымда Стив Роллзбен шығатын болды
si.com
Стив Роллз 19 рет кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен.
Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Головкин мен Роллз аралық салмақ – 164 фунтке дейінгі дәрежеде кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кәсіпқой рингке тұңғыш рет 2011 жылы көтерілген Стив Роллз осыған дейін 19 рет кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен (оның 10 кездесуін нокаутпен аяқтаған). IBF рейтингінде Головкиннен бір сатыға жоғары – тоғызыншы орында тұр.
Алайда Стив Роллз өз карьерасында әлі күнге дейін жоғары деңгейлі қарсыласпен жекпе-жек өткізбеген. Кәсіпқой бокс әлемінде оны ең алдымен танымал боксшылардың спарринг-серігі деп таниды: ол экс-әлем чемпиондары Адонис Стивенсон және Энди Лидің спарринг-серігі болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript