Левит Азия чемпионатында нокаутқа түсіп ұтылып қалды

Қазақстандық боксшы үшінші раундта екі рет құлап қалды.
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Василий Левит Тайландтың Бангкогінде өткен Азия чемпионатында финалға шыға алмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
91 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Левит Оңтүстік Кореядан келген Ким Хьен Кю деген боксшымен шықты. Үшінші раунд аяқталуға аз қалғанда Қазақстаннан барған боксшы екі рет нокдаунға түсті. Екінші рет құлағанда рефери кездесуді тоқтатты.
Осылайша мақтаулы Левит 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері ғана атанды.
Оған дейін чемпионаттың қола медалін Қазақстанның қанжығасына 49 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов әперген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript