Әлі жеңілмеген "Qazaq" Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күн қалды
Жеңіліс дәмін татпаған боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO NABO чемпиондық белбеулерінің бұрынғы иегері Instagram парақшасында: "Қанат пен QAZAQ PROMOTIONS-тің ынтымақтастығы және алдағы болатын жекпе-жегi туралы ақпарат көп ұзамай жарияланады!" деп жазды.
Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмін татпаған "Qazaq" лақап атымен танымал боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын.
Кездесудің 9 раундында қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондық белбеуін иемденген болатын.
Өткен жылы 23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайда жарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан.
Сондай-ақ биыл наурыз айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.