НАТО Ресейді Украинадан кетіп, украин теңізшілерін босатуға шақырды

GLOBAL LOOK PRESS, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2019 18:41 GLOBAL LOOK PRESS
Бұл туралы НАТО әскери комитетінің басшысы Стюарт Пич мәлімдеді.

Альянстың әскери комитеті басшысының сөзінше, түбекті Ресей Федерациясының бөлігі деп қабылдауға НАТО ешқашан келіспейді, деп хабарлайды РИА Новости.

– Ресей Қырымды заңсыз және әділетсіз жолмен басып алды, альянс мұнымен ешқашан келіспейді, – деген Стюарт Пичтің сөзі ұйымның сайтында жарияланды.

Пич Ресейді әскерін Украинадан әкетіп, Азов теңізіндегі оқиғадан кейін ұсталған украин теңізшілерін босатуға шақырды.

Қырым 2014 жылы өткізілген референдумнан кейін Ресейдің жері болып кеткен. Мәскеу "Қырым тұрғындары демократиялық жолмен дауыс берді" деп талай мәлімдеді, ал Путин "бұл мәселе осымен түбегейлі жабылды" деген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: