Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ мал ұрлығының жазасын қатаңдатуды ұсынып отыр

avestnik.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2019 18:17 avestnik.kz
Соңғы үш жыл ішінде 19 мыңнан аса мал ұрлығы тіркелген.

ҚР Ішкі істер министрлігі ауылдық кәсіпкерлік пен азаматтарды шығынға батыратын мал ұрлығы қылмысына қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы үш жыл ішінде 19 мыңнан аса мал ұрлығы жасалған. 60 мың бастан аса мал ұрланған. Мал иелеріне шамамен 30 мың бас қайтарылыпты. Бірақ, аталған қылмысты түбегейлі жою үшін полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан профликатикалық, ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар жеткіліксіз, деп отыр ІІМ.

- Сондықтан ІІМ ауыл шаруашылығының ең әлсіз тұсы болып табылатын мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодекске бөлек бап енгізу бастамасын көтеріп отыр. Аталған заң жобасы таяу арада парламентке енгізілетін болады, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда ІІМ-мен ауыл шаруашылығы жануарларын бағу туралы Ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу туралы ұсыныс қаралып отыр және бұл жобаны дайындау жергілікті атқарушы органдарға жүктелмек.

Сонымен қатар, ІІМ-ді мал ұрлығына қарсы іс-әрекет ету мақсатында ауқымды жедел-профилактикалық шаралар жүргізуде.

Мамыр айында кезекті "Мал ұрлығы" операциясы жүргізілді. Шара барысында тәртіп сақшылары шаруа қожалықтарын, отарларды айдап апару нүктелері мен фермаларды, мал тасымалдайтын автокөліктерді тексеріп, мал және ет өнімдерін сатып алу мен сату нүктелері назарға алды.

Операция барысында 159 мал ұрлығы дерегі ашылған, оның ішінде 57-сі өткен жылдардарғы ұрлықтар. 483 (180 жылқы, 103 ірі қара және 200 қой-ешкі) ауыл шаруашылығы жануарлары табылып, иелерін қайтарылған. Мал ұрлығын жасаған 214 адам мен 30 қылмыстық топ құрықталды.

Сондай-ақ, ветеринария саласы бойынша 400 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде құжаты жоқ малдар мен ер өнімдерін тасымалдау мен өткізу де бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: