Нұр-Сұлтанда Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңес отырысы басталды

Қазақстан астанасында Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің отырысы өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Белорусия президенті Александр Лукашенко, Қырғызстаннан Сооронбай Жээнбеков, Ресейден Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда.
Сондай-ақ, кездесуге ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тажікстан президенті Эмомали Рахмон қатысуда.
Мемлекет басшылары ЕАЭО-ның даму перспективаларын, басқа да маңызды мәселелерді талқылайды, оның ішінде ЕАЭО-ның 2019-2020 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық мақсаттарын сөз етеді.
Саммит қорытындысы бойынша Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңеске мүше-мемлекеттер басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау және бірқатар халықаралық келісімдерге қол қою жоспарланған.