Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 15:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 27 маусымда Минскіде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Сурет: akorda.kz

Жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ, Ақорда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының Минскідегі Тәуелсіздік сарайында бірге түскен суреттерімен де бөлісті.

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы Беларусь астанасы Минск қаласына кеше, 26 маусымда кешке қонған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: