Түркістан облысының полицейлері іс-сапарларға 50 млн теңге жұмсаған
Businessman.ru
Өткен 2018 жылы облыстық департаментте іс-сапарлар шығыны 95 млн теңгені құраған.
2019 жылдың бес айында іс-сапарлар шығыны 50 млн теңгені құрады. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.
- Облыс орталығы аппараты іс-сапарларының қаншалықты тиімді екеніне сараптама жасалды. 2018 жылдың бес айында іс-сапарлар шығыны 95 млн теңгені құрады. Биылғы жылдың дәл сондай уақытында іс-сапарлар шығыны 50 млн теңгені құрап, 47 % азайды. Сараптама нәтижесінде іс-сапарларды азайту туралы қосымша шаралар қолданылатын болады, - деді Дәлбеков.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Түркістан облысы ПД штаттық құрылымы 275 данаға немесе жеке құрамның 10 % оңтайландырылды.
- 17 басшылық қызмет қысқартылды. Облыстық аппараттағы басшылық қызметтің саны 42-ден 25-ке қысқарып, үш құрылымдық бөлім - анықтау басқармасы мен тергеу, ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы криминалды полициямен және жедел жоспарлау басқармасы облыстық штаб басқармасымен біріктірілді, - деді облыстық ПД басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript