Сайлау алдында елде полицейлер қаптайды

Ақ Жайық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2019 18:17 Ақ Жайық
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады.

Үкіметте ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сайлау алдында полицейлердің күшейтілген қызмет режиміне көшетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл ел бойынша қауіпсіздік шарасы ретінде 6 маусымға дейін "Құқықтық тәртіп" операциясы жүргізіледі. Сосын 7 маусымда бүкіл полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді, өйткені елде сайлау өтеді, – деді ол.

Министр бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздік үшін қабылданғанын жеткізді.

– Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8-і тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9-ы сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді. 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады, – деп атап өтті Тұрғымбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: