Интернет блокталып, журналистер ұсталды – прокуратураға сұрақ қойылды

Таңертең связь нормальный болған.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевқа журналистер сұрақ қойып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Алматыда журналистердің ұсталуына байланысты
– Нақты қай журналистер туралы айтып тұрғаныңызды білмедім. Жалпы, жұма күні біз заңдарды түсіндірдік, менің атымнан үндеу жарияланды. 9-10 маусымда митингке шығу туралы үгіттер жасалып жатыр. Бұлар рұқсат етілмеген шаралар, сондықтан оған қатысуға болмайтынын ескерттік. Ондай жиындарға қатысқандардың барлығы заңда көзделген жауапкершілікке сай жазаға тартылады, – деді Дембаев.
Сайлауды жазатын журналистер ұсталуда
– Ондай факті туралы естімедім, білмеймін. Нақты керек болса, кейінірек брифинг өткіземіз. Ондай жағдайлар белгілі болып жатса, сұрағыңызға жауап беремін. Біз әлі брифингтер өткіземіз.
Интернетті бұғатттау туралы
– Мен білмеймін. Таңертең связь нормальный болған. Ештеңе айта алмаймын, білмеймін өйткені. Интернетпен кім айналысады? Ақпарат және байланыс министрлігі.
– Телефоныңыз бар ғой, интернетіңіз істеп тұр ма?
– Білмеймін. Телефоным жоқ қазір.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript