Билік митингке шыға беретін халықты диалогқа шақырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2019 23:51 zakon.kz
Қоғамның түрлі орталарының өкілдері енетін қоғамдық сенім комитеті құрылады.

Сайлау қорытындысына арналған баспасөз жиынында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингке шыққан азаматтарға арналған диалог формасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Тағы да айта кетейін, сайлаудың алдында мен құқық қорғау органдарына шерулер кезінде мейлінше ұстамдылық таныту туралы тапсырма бердім. Олар ұстамды болды. Болашақта да сондай болады, – деді ол.

Мемлекет басшысы наразылықтар басылмай тұрған осы жағдайда диалог қажет екенін атап өтті.

– Наразылықтарға келсек, бізге диалог формасын ұсыну керек. Қоғамның түрлі орталарының өкілдері енетін қоғамдық сенім комитеті құрылатынын айттым, сол жерде пікір алмаса аламыз. Менің ұстанымым – елде әрқилы, бір-біріне қарама-қайшы пікірлер бола алады, бірақ біз бір ұлт болып қала береміз. Пікірлер алуан болғанымен, ұлт біреу, – деп нақтылады Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: