Жаңалықтар тізбегі
0

Арыс трагедиясы елдің соғысқа дайындығы қандай екенін көрсетті

facebook.com / Сакен Калкаманов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2019 18:52 facebook.com / Сакен Калкаманов
Өзіміздікілер-ақ өз түбімізге жетеді.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев қауіпсіздігіміз үшін жауапсыз мемлекеттік құрылымдар барда сырттан жау іздеудің қажеті жоғын айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның пікірінше, өзіміздікі-ақ (мемлекеттік құрылымдар) өз түбімізге жетеді.

– Біздің ел жарылғыш қару-жарақ қоймасы іспетті. Ана жерде, мына жерде жарылыс, су тасқыны, өрт. Осының бәрі, көбіне қауіпсіздігіміз үшін жауап беретіндердің салақтығының кесірі ғой. Масқарасы сол, біз оқ-дәрі толы бөшкенің үстінде отырған секілдіміз, қашан, қай кезде не нәрсе жарылатынын, су шаятынынан хабарсыз. Салық төлеушілердің есебінен күн көретін барлық мемлекеттік органның енжарлығынан, міне қарапайым халық зардап шегуде. Өз азаматтарының қауіпсіздігіне жауапсыз қарайтын мемлекеттік құрылымдар барда, бізге сырттан жау іздеп те керек жоқ. Өздері-ақ түбімізге жетеді, – дейді сарапшы.

Оның ойынша, қазір қоғам шынайы ақпарат беруді талап отыр.

– Жаңа президент келді. Бірақ мәселелеріміз көне. Ал қоғам болса, бұрынғыдай емес. Қазіргі ақиқат осы. Олар өзіне деген құрметті талап етуде бүгінде. Ал бұл жағдайда қоғам зардап шегушілерді шұғыл әрі белсенді түрде құтқаруды ұйымдастыру, одан соң шынайы ақпарат беруді талап етеді, – деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Ал саясаттанушы Дулатбек Қыдырбекұлының пікірінше, Арыс трагедиясы кез келген соғысқа жол бермеу керектігін дәлелдеді. Оның айтуынша, олай болса, біз тектен-тек қырылып қалады екенбіз.

– Маңайымыздың бәрі соғыс пен жарылыстар. Ауғанстанды, Сирияны, Йеменді, Укаринаны алыңыз. Әрине, Арыстағы жағдай олармен салыстырғанда керемет мәселе емес. Бірақ бұл арада мынандай байланыс бар: Арыстағы жарылыс біздің еліміз бен қоғамның мәселесін мұқым әлемге аймандай етті. Арыс трагедиясы біздің елдің соғысқа дайындығы қандай екенін көрсетіп берді. Арыс трагедиясы, Құдай бетін әрі қылсын, соғыс басталып кетсе, біздің халық пен әскердің өзін қалай ұстайтынын байқатты. Арыс трагедиясы елімізде азаматтық қорғаныстың мүлде жоқтығын әшкере етті. Арыс тек қауіпсіздігіміз туралы ойланып қана қоймай, кез келген соғысқа жол бермеу керектігін дәлелдеді, – деп жазды желіде саясаттанушы.

Камшат Сатиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: