Жаңалықтар тізбегі
0

Арыс, популизм һәм сайлаушылар туралы

facebook.com / Асем Абдримова, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2019 22:42 facebook.com / Асем Абдримова
Қазір популистік мәлімдемелер жасап, әдемі суреттерге түсіп-ақ "герой" болып кетуіңе болады

Елде өткен "сайлау", Арыстағы төтенше жағдай – соңғы айларда әлеуметтік желілер мен жаңалықтар порталдарына қарап отырып, қалың бұқараның пікірімен манипуляция жасау оңай екеніне көзім жетті, дейді терең ойлайтын блогер Әсем Әбдримова әлеуметтік желіде.

Бұл стратегиялық жағынан ел үшін, экономика үшін өте қауіпті

– Алдағы парламенттік сайлауда шын күресті көреміз деп сенемін. Алайда жалпыхалықтық сайлауда тағы да билікке "витринаны" ғана ойлайтын популистер келеді деген күдік зор.

Қараңызшы, желі қолданушылары "Арыс тұрғындарын құтқаруға" тұра жүгіргендерді халықтың батыры етіп, мақтауын тым асырып жіберді. Сонда деймін, ұрласаң ұрлай бер, жарымжан заңдар қабылдай бер, ар-ұятты ысырып тастап өмір сүр – сосын популистік мәлімдемелер жасап, әдемі суреттерге түсіп-ақ "герой" болып кетуіңе болады.

"Медийный" тұлға қабылдаған бағдарламаның қыр-сырына, байыбына ешкім барғысы келмейді. Қазір ғана өмір сүретіндейміз, ұзақ мерзімді, жүйелі шаралар ешкімге қызық емес. Ал нәтижесін қазір беретін шешімді қабылдай қойып, онымен бас салып желіде мақтану – ұлы жетістік болды, – деп қапаланады ол.

Сосын келіп өзіміз таң қаламыз: жағдайымыз неге барған сайын қиындап барады?

– Ұлттық валютамыз неге құнсыздана береді, білім саласы катастрофаның алдында тұр, адамдар неге елден жаппай көшіп жатыр? Өмір сүру деңгейін көтеру үшін жүйелі, күнделікті жұмыс керек, ашықтық, өз шешіміңе жауапкершілік арқалай білу керек.

Егер халық депутаттардың сайлауалды платформаларын қазбалауға қызықпаса, баспасөз сарапшылардың түсініксіз сөздерін қарапайым тілге аударып бермесе, ал әлеуметтік желілер жалған ұран тастау мен эмоциялармен ойнауын жалғастыра берсе – есі дұрыс басшылар мен депутаттар билікке келмейді. Мың жерден әділ сайлау өтсе-дағы.

АҚШ-тағы сайлаушылар жүйесі туралы Википедиядан мынадай дерек оқыдым: "АҚШ-тың негізін қалаушылар халықтың сауаты төмендігі салдарынан дауыс берушілердің бүйрегі неше-түрлі популистер мен экстремистерге бұрып кететінін біліп отырған" (18 ғасыр). Міне, бізде әлі де сол, – деп түйіндейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: